Қазақстан • 21 Наурыз, 2018

Ембілік мұнайшылар Наурыз тойын тойлады

430 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ембілік мұнайшылар жыл сайын Наурыз тойын айрықша салтанатпен атап өтеді. Биылғы мереке Мақат ауданындағы «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Ботақан кен орнында тойланды. Ақшаңқан киіз үйлер, төгілген күй мен шырқалған ән ен даладағы кен алаңын нағыз думанға толтырды. 

Ембілік мұнайшылар Наурыз тойын тойлады

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты алты өндірістік құрылымдық бөлімшенің еңбек ұжымдары Ұлыстың ұлы күніне үлкен дайындықпен келіпті. Бо­тақандағы мерекеге 450-ге жуық адам қатысып, дәстүр-салтымызға деген құрметтерін көрсетті. 

– 2017 жылы өндірістік жос­пар­ды табысты орындадық, – деді «Ем­­бімұнайгаз» АҚ басқарма төр­а­ғасы Әнуар Жақсыбеков. – Бұл – ғасырға жуық уақыт бойы ха­лық игілігі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан ұжымдағы бірлік­тің, татулықтың нақты айғағы. Ем­бі­лік мұнайшылар қашанда ерен ең­бектің үлгісін көрсетіп келеді. Ком­панияда бес мың­нан астам жұ­мысшы қызмет ете­ді, бү­гінгі жетістігіміз – солар­дың уа­қыт­пен санаспай атқарған маңдай тер­лері­нің жемісі. 

Шараға арнайы келіп қатысқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Ес­қазиев ембілік мұнайшылардың өткен жылғы жоспарды арты­ғы­мен орындап, биылғы екі айда 457 мың тонна мұнай өндіргендеріне ал­ғыс айтып, жетістіктердің жал­ға­сын табуына тілектестік білдір­ді. Мерекеге орай елеулі еңбек­те­рімен дараланған қызмет­кер­лерге алғыс хаттар табысталды. 

Ботақан кен орнына жи­нал­­ған мұнайшылар дала төсін әсем әнге толтырды. Киіз үйлер­де мол дастарқан жайылып, қа­зан көтеріліп, ұлттық салт-дәс­түр­лерден көріністер қойылды. Мұнай­шыларды мерекемен құттық­тауға Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Айгүл Қоса­нова мен белгілі әнші Ақылбек Жеме­ней келіп, өнер көрсетті. «Інжу-мар­жан» би тобы, Доссор мәде­ниет үйінің фольк­лорлық ансамблі мен өнерпаздары да сал­та­наттың сәнін келтірді. Бұл күні мұ­найшылар да аянып қалған жоқ. Түрлі ұлттық спорттық ойын­дарға қатысып, бақ сынады. «Кір тасын көтеру», «Білек күшін сынау», «Арқан тарту» секілді сайыстарға шықты. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды. 

Айта кетсек, компания соң­ғы жылдардың өзінде ғана рес­пуб­ликалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд теңгеден астам, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд теңге, де­меу­ші­лік пен қайырымдылық ретін­­де 2 млрд теңге қаражат бөл­ген. Қашанда халыққа қарай­ла­сып, ел игілігін еселеп жүретін Ем­бі­­мұнайгаздың қай баста­ма­сына да атыраулықтар құрмет­­пен қарайды. Қазақ даласын­­да Ұлыстың ұлы күні айты­лар әңгіме мен тартылар дәм көп­ке ортақ болған. Осы үрдіс әлі күнге жалғасын тауып ке­ле­ті­ні қуантады. Әсіресе қайырым­дылық пен жақсылық жасау Нау­рыз то­йының мәнін арттыра түсері анық. Бұл дағдыдан ембілік мұ­най­шылар да жаңылмады. Мерекелік шара аясында «Мейірімді мекен» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған оннан астам жергілікті қолөнерші мен суретші туындыларын ұсынды. Жәрмеңкеге компанияның 60 жұмысшысы да қатысты. Бірі тоқыма бұйымдарын әкелсе, бірі тәтті күлше жасап, енді бірі салған суреттерін, жасаған зергерлік әшекейлерін қойды. 

Ботақандағы мереке берекелі дастарқан басындағы ашық-жар­қын жүздесуге ұласты. Осы­лайша қойнауы қазынаға толы мұнайлы аймақтағы кен орнына жиналғандар көктемнің керемет мейрамын шат-шадыман күйде қарсы алды. Өткен жылды табысты қорытындылаған ембілік мұнайшылардың биылғы межелері де айқын. Олар қай істе де ең бастысы бірлік пен береке екенін жақсы біледі.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ